Өскеменде ұрланған көлік жол апатына түсті

13.05.2021 18:40

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Фото: ашық дереккөзден

Өскемен қаласында ұрланған көлік жол апатына түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қалалық ПБ Ертіс полиция бөліміне 36 жастағы тұрғын жүгінген. Өз сөзінде ол «AUDI» автокөлігін еш рұқсатсыз айдап кеткен танысының жол-көлік оқиғасына тап болғанын жеткізді. Осының салдарынан келтірілген шығын мөлшері 2 млн теңгені құрап отыр. 

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. 41 жастағы ер адам өз қылмысын мойындап отыр»,– деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев. 

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 200-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.