Нысан 2021 жылы толықтай аяқталып, пайдалануға берілу керек болған
Алматы облысында салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ғимараты қирады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Құрылысы 2019 жылы басталған нысанға 1 миллиард 171 миллион теңге бөлінген болатын. Шонжы ауылында орналасқан бұл ғимарат жыл аяғына дейін пайдалануға берілуі тиіс еді. Қазір арнайы құрылған комиссия нысанның құлау себептерін анықтап жатыр.
«Кеше сағат түскі 00.00-ге таман Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы қаласындағы спорттық сауықтыру кешенінде бір үшінші блоктың шатыры жартылай құлады. Құлаған кезде құрылыс жұмыстары жүріп жатқан. Бірақ ешқандай адамдарға, басқа сырттағы адамдарға ешқандай зақым келтірген жоқ», – деді Алматы облысы Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ерке-Бұлан Усманбаев.