Алматыдағы аурухананың жансақтау бөлімінде өрт шықты
Алматыда дәрігерлер аурухананың жансақтау бөлімінен шыққан өрттің алдын алды, деп хабарлайды Almaty.tv.
18 шілде күні сағат 21:47-де на Алматы қалалық «101» пультіне Сейфуллин даңғылы, 492 мекенжайында орналасқан № 1 перзентхананың балаларға арналған жансақтау бөлімінен өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары дереу аталған мекенжайға жіберілді. «Жансақтау бөлімінде өрт сөндіру дабылы іске қосылғаны анықталды. Бұл түнде кезекшілік еткен ауысым қызметкерлері сабыр сақтап, төтенше жағдай кезінде әрекет етудің алгоритміне сәйкес шаралар қолданып, жаңа туған сегіз нәрестені жансақтау бөлімінен қауіпсіз жерге шығарған.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.