Алматы облысында телефон ұрлығы бейнежазбаға түсіп қалды

polisia.kz
polisia.kz
Аталған дерек ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлімі бойынша тіркелді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында ер адамның көліктен телефон ұрлығаны бейнежазбаға түсіп қалды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Алматы облысы Қарасай ауданының полициясына Көксу ауылының 34 жастағы тұрғыны құны 50 мың теңге тұратын ұялы телефонының сауда орталықтардың бірінің автотұрағында автокөлік панелінен ұрланғаны туралы арызданған. Аталған дерек ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлімі бойынша тіркелді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде, аталған ұрлық дерегін Іргелі ауылдық округінің аға учаскелік инспекторы Е.Ташкенев ашты. Ол бейнежазбаны қарау барысында бейнеден бұрын ұрлық және тонау үшін бірнеше рет сотты болған Көксай кентінде уақытша тұратын 36 жастағы Өзбекстан азаматын таныған. Бір тәулік ішінде тәртіп сақшысы күдіктіні ұстап, одан ұрланған телефонды тәркіледі. Күдіктінің бұрынғы соттылығы ескеріле отырып, ол тергеу судьясымен қамаққа алынды. Қазіргі уақытта айғақзат – телефон заңды иесіне қайтарылды. Жәбірленуші учаскелік инспекторға жедел қызметі үшін алғысын білдірді. Полиция қызметкерлері тұрғындарды бағалы заттары мен ақшаларын оңай, қол жетімді жерлерде қалдырмауға, ұрлық жасауға мүмкіндік бермеуге шақырады.


Новости партнеров