Оқиға 10 сәуір күні сағат 18:45 шамасында Қазалы ауданы Ғани Мұратбаев ауылында болған
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен үш жастағы бүлдіршін көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 10 сәуір күні сағат 18:45 шамасында Қазалы ауданы Ғани Мұратбаев ауылында болған.
Ересектердің қадағалауынсыз қалған 2019 жылғы бала абайсызда арыққа құлап, көз жұмды. Бүлдіршіннің денесін жергілікті тұрғындар судан шығарып алған.
Төтенше жағдайлар қызметі оқиғаның мән-жайын анықтады.