|
Jol
05.10.2020 | 13:42
1013

Теміртауда полицей қызметтік көлігімен зейнеткерді қағып өлтірді

Департаменттің мәліметінше, қайғылы оқиға болған күні қалада тұман түскен, жол нашар көрінген

Теміртауда полицей қызметтік көлігімен зейнеткерді қағып өлтірді inform.kz

Теміртауда полиция сержанты қызметтік автокөлікпен 65 жастағы ер адамды қағып кетті. Салдарынан зейнеткер ауруханада жан тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты 3 қазан күні Теміртау қаласында болды. «Лада Веста» қызметтік автокөлігін тізгіндеген полицей Восточная көшесіне қарай Республика даңғылымен кетіп бара жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 65 жастағы ер адамды қағып кетті.

Департаменттің мәліметінше, қайғылы оқиға болған күні қалада тұман түскен, жол нашар көрінген.

«Жол апаты салдарынан ер адам Теміртау қаласының ауруханасында көз жұмды», – деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Оқиға орнына Қарағанды облысы полиция департаментінің басшылығы, Өзіндік қауіпсіздік басқармасының жеке құрам инспекциясы, теміртау қаласы прокуратурасының өкілдері барды.

Полиция сержанты олардың көзінше наркологиялық диспансерде тексерістен өтті. Тәртіп сақшысы сау болған.

Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейін айыра отырып, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қылмыстық іс облыстық полиция департаменті анықтау басқармасының өндірісінде.

Тергеу жан-жақты және объективті жүреді, деп сендірді полицейлер. Облыс полициясының басшысы істі өз бақылауына алды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир