|
Jol
06.02.2024 | 13:43
368

Семейде киім базары өртенді

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Семейде киім базары өртенді Almaty.tv

Семейде ең үлкен киім базары өртеніп жатыр. Құзырлы органның хабарлауынша, қызыл жалын сағат 03:00 шамасында шыққан, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Ал соңғы мәліметке сүйенсек, тілсіз жау бүгін түске таман оқшауланған. Бірақ толық сөнбеген. Жоғары температура мен ғимараттың ауқымдығы жұмысты қиындатып жатқан көрінеді. Өртенген сауда үйінің периметрі қоршауға алынып, жақын маңдағы көлік қозғалысы да тоқтатылды.  

– Сауда үйінің өртенгені жайында хабарланған сәттен бастап полицейлер де жұмылдырылды. 300-ден астам қызметкер қоғамдық тәртіпті сақтауда. Оқиға орнында кедергі келтіретін азамат көп. Аумақ қоршауға алынды, – деді Абай облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Дина Әмренова.

Оқи отырыңыз: Жарыққа жарымаған ауыл: Бесағашта тозығы жеткен трансформатор жанып кетті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир