Астанада жиһаз цехтерінің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқыс оқиға Көктал көшесінде тіркелген. Төтеншеліктердің ақпарынша, өрт шарпыған аумақ 500 шаршы метрды құрайды. Оны сөндіруге 50-ден аса қызметкер мен 12 техника жұмылдырылған.
Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары кеше де тілсіз жаумен арпалысқан. Қаладағы көпқабатты пәтерлердің бірінде өрт тұтанып, ішінен 1 адамның денесі табылды.
– Өрт сөндірушілер төртінші қабаттағы пәтерде 20 шаршы метр аумақта үй заттары мен жиһаздардың жанып жатқаны анықтады. Пәтерде әйелдің мәйіті табылды. Өрт сөндірушілер күшімен өрт 16:26 минутта жойылды, – деді Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Азамат Жұмекешов.
Оқи отырыңыз: Алматыда караоке ғимараты өртенді