Ер азамат пен әйел адам әрдайым бір қылмыстық схема бойынша әрекет еткен
Алматы облысында өздерін өрт сөндірушілер ретінде таныстырған алаяқтар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
«Қазіргі таңда жақын маңдағы ауылдардан тағы бірнеше алданған дүкен иелері анықталды. Алданғандар тізімі әлі де ұлғаюы мүмкін. Қылмыстық “дуэт” әрқашан бір схема бойынша әрекет еткен. Өздерін өртке қарсы қызмет қызметкерлері ретінде таныстырған күдіктілер, фотосуреттері мен мөрлері бар қызметтік куәліктерін зардап шегушілер нақты таныса алмайтындай көрсетіп, бірден тексеруге кірісіп, түрлі заң бұзушылықтарды таба бастаған. Кейбірінде өрт сөндіру құралдары болмаған, ал өзгелерінде өрт сөндіргіштердің мерзімі өтіп кеткен. Олар тіпті пешпен жылыту орны ағаш конструкцияларының оттан қорғау құралдарымен сіңдірілмеуіне және одан өзге мәселелерге қатысты заң бұзушылықтарды тапқан. Содан кейін мәселені бейбіт түрде, хаттама жасамай шешуді ұсынып, жәбірленушілерді ақша беруге итермелеген. Қалағандарын алғаннан кейін олар өз бетімен кете барған», – дейді Алматы облысы Ескелді ауданы полиция бөлімінің бастығы Жанат Құдайбергенов.