Қазақстанда дауыл 160-тан астам ғимараттың шатырын ұшырып әкетті

08.04.2020 18:44

Қатты дауыл Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысында соғып жатыр

Фото Казинформ

Қазақстанда дауыл 160-тан астам ғимараттың шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қатты дауыл Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысында соғып жатыр. Ал Ақмола мен Қостанай облыстарында қатты желден жарық желілеріне зақым келген. Қазір зардап шеккен нысандар мен келтірілген шығын есептелуде. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитеті мәлімдеді. Қазгидрометтің мәлімдеуінше, сәуірдің 7-нен 9-на дейін дауыл туралы ескертулер жасаған. Ауа-райын болжаушылар желдің жылдамдығы секундына 20-30 метрді құрайды деген еді. Тіпті, қар мен жаңбыр жауып, ауа температурасы минус 8 градусқа төмендейді.