Талғарда ойыншық автоматпен халықты қорқытқандар қолға түсті

17.09.2019 20:56

Тәртіп бұзғандар бұзақылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Олар базардан сатып алған Калашников автоматымен көшеге шығып, елдің есін шығарған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Әлеуметтік желіде тарап кеткен мына видеодан кейін полиция дер кезде шара қолданды. Тәртіп бұзғандар қолға түсіп, бұзақылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Онымен қоса, бұл істеріне өкінетіндерін жеткізіп, жұрттан кешірім сұрады.

«Түсінбестік жағдай болды, айып етпеңіздер. Сондай-ақ мен Денис Касапалов сіздерден кешірім сұраймын», – деді бұзақылық жасағанын мойындаған Денис Констанович.