Жамбыл облысында мектеп бітірушілер мінген көлік жол апатына түсті

27.05.2024 18:45

21 жастағы бойжеткен көз жұмды

Almaty TV

Жамбыл облысында мектеп бітірушілер мінген көлік жол апатына түсіп, жүргізуші қыз көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ресми дерекке сүйенсек, ағасының темір тұлпарын айдап кеткен 21 жастағы бойжеткен рөлге ие бола алмаған. Ал көлік ішінде болған өзге үш жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер олардың жағдайы тұрақты деп мәлімдеді. Белгілі болғандай, жастар Жаңаталап-Ақтоған бағытында жолға шыққан.

Айта кетейік, биыл аймақта тіркелген 449 көлік апатында 51 адамның өмірі қиылып, 700-ге жуығы жарақат алған.

– Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Автокөлік айып тұрағына қойылып, тиісті сараптама тағайындалды, – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Құндыз Бөгенбаева.

Оқи отырыңыз: Түркияда жантүршігерлік жол апатынан 11 адам көз жұмды