Алматы облысында жол апатынан 41 жастағы жүргізуші қайтыс болды

09.03.2021 18:46

Өзге зардап шегушілер жоқ

Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан 41 жастағы жеңіл көлік жүргізушісі мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше жол апаты таңғы 8-де Талғар - Ақбұлақ тас жолының бойында орын алған. Алдын ала жасалған болжам бойынша жеңіл көлік жүргізушісі ПАЗ маркалы автобусқа жол бермей соқтығысқан. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.