Тілсіз жау кеше тұтанған
Елорда маңындағы қамыс өртін сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша, Қорғалжың тас жолы бойында, үлкен Талдыкөл көлінің ауданында шамамен 6 жарым га қамыс өртеніп кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.
Өрт сөндірушілердің айтуынша, жалынның «Нұр-Сұлтан қаласының жасыл белдеуіне» таралу қаупі жоқ. Тілсіз жау кеше тұтанған.
«22 дана техника және жеке құрамның саны 122 қызметкер өртты сөндіруге жұмылдырылды. 21 маусымда сағат 08:09-де Нұр-Сұлтан қаласының әуежайынан «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-8 3 тонналық су түсіру құрылғысы бар тікұшақ ұшып келді. Өртте қаза тапқан және зардап шеккен адам жоқ», – деді ТЖД Өрт сөндіру қызметінің бастығы Назаралы Селимов.