Мұғалімдерді жұмысқа шығуға міндеттеген директорлар тәртіптік жазаға тартылды

26.03.2020 в 18:46

Үйден жұмыс істеу ұстаздардың айлығына әсер етпейді

Мектеп директорлары тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

COVID-19 жұқтыру қаупін азайту бойынша шараларды күшейту аясында қабылданған Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес, 16 наурыздан бастап еліміздегі барлық педагогтар көктемгі демалыс уақытында қашықтан оқыту режимінде жұмыс істей бастаған еді.

 Алайда кейбір мектеп басшылары мұғалімдерді жұмысқа шығуға міндеттеген.  Мұндай жағдайдың, әсіресе, Түркістан және Алматы облыстарында орын алғаны анықталды. 

Ұстаздарды жұмысқа шақыртқан мектеп басшыларына тәртіптік жаза қолданылды. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, педагогтар әдістемелік және демалыстан кейінгі сабаққа дайындық жұмыстарын қашықтан атқаруы тиіс. 

Сондай-ақ, пандемия кезеңінде ұстаздардың еңбек ақысы толық көлемде сақталады, яғни үйден жұмыс істеу ұстаздардың айлығына әсер етпейді делінген хабарламада.