ШҚО-да қашып кеткен әскери қызметкер табылды

Фото ©Турар Казангапов
Фото ©Турар Казангапов
Әскери Знаменск ауылында ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шығыс Қазақстан облысында осыдан үш күн бұрын қашып кеткен әскери қызметкер ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ұлттық гвардиясының "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің мәліметінше, әскери Знаменск ауылында ұсталды.

"ҚР ІІМ Өңірлік әскери-тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 441-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Осы дерек бойынша қызметтік тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Еске салайық, мұның алдында ШҚО-да әскери қызметкерге іздеу салынғаны хабарланған еді.

"3 сәуірде 5511 әскери бөлімінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасының әскери ату алаңының маманы (операторы) қатардағы жауынгер Жолдыбай Жанболат Асылханұлы әскери атыс алаңында болып, тұрғаннан кейін әжетханаға шығып, белгісіз бағытта қашып кетті. Осы уақытқа дейін қызмет орнына қайтқан жоқ", - делінген еді хабарламада.

Новости партнеров