27 наурызда ақпарат құралдарында Қызылорда облысының әкімі ұсталғаны туралы дерек тарады, деп хабарлайды zakon.kz.
"Кей дереккөздердің хабарлауынша, Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтық үшін ұстады, - деп өзінің Telegram каналында Ербол Еділов жазды. Оның орынбасары мен туыстары да қамауға алынды", - деп жазылған ақпарат көзінде.
Оның орынбасары Марат Делмұханов және әкімнің туыстары, бизнесмендер Жеңісбек Ысқақов пен Азат Досмайылов та ұсталды делінеді.
Қуанышбек Ысқақов бұл қызметке 2019 жылдың 28 маусымында келген.