Қызылорда облысының әкімі алаяқтық үшін қамауға алынды

27.03.2020 18:47

Қуанышбек Ысқақовты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтық үшін ұстады

e-kyzylorda.gov.kz


27 наурызда ақпарат құралдарында Қызылорда облысының әкімі ұсталғаны туралы дерек тарады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Кей дереккөздердің хабарлауынша, Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтық үшін ұстады, - деп өзінің Telegram каналында Ербол Еділов жазды. Оның орынбасары мен туыстары да қамауға алынды", - деп жазылған ақпарат көзінде.

Оның орынбасары Марат Делмұханов және әкімнің туыстары, бизнесмендер Жеңісбек Ысқақов пен Азат Досмайылов та ұсталды делінеді.

Қуанышбек Ысқақов бұл қызметке 2019 жылдың 28 маусымында келген.