Атырау қаласында 12 пәтерлік тұрғын үй өртеніп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өрт 22 тамызда сағат 05:18-де тұтанған.
«Жалынның салдарынан 1972 жылы салынған 12 пәтерлік бір қабатты тұрғын үй толық жанып кетті. Оқиға орнынан улы газбен уланған 1983 жылы туған әйел ауруханаға жеткізілді. Өрт сөндіруге 25 адам мен 6 техника жұмылдырылып, сағат 06:11-де оқшауланды. Жалын сағат 07:02-де толық сөндірілді», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Өртенген үйдегі 5 пәтердің 22 тұрғын (оның ішінде 9 бала) үшін «Жұлдыз» шағын ауданындағы 5 қабатты тұрғын үйден уақытша баспана берілді. Ал, 19 адам (оның ішінде 8 бала) туыстарының үйіне орналастырылды.