|
27.10.2021 | 13:48
954

Із-түзсіз жоғалып кеткен жасөспірім шөп үйіндісінің ішінен табылды

Жедел-іздестіру шаралары кезінде полиция қызметкерлері баланы алып шығып, дәрігерлерге тапсырған

Із-түзсіз жоғалып кеткен жасөспірім шөп үйіндісінің ішінен табылды publicdomainpictures.net

Павлодар облысының Малиновка ауылында жоғалған жасөспірім үйінді шөптің астынан табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.    

12 жастағы жеткіншектің із-түзсіз кеткені туралы хабарды аудандық полицияға туыстары жеткізген. Олардың айтуынша, түстен кейін үйден шығып кеткен 7-сынып оқушысы қайтып оралмаған.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде түнгі сағат 00.00 шамасында жасөспірім шөп үйіндісінің арасынан табылған. Белгілі болғандай, бұзықтық жасаған балаға атасы ұрысқан көрінеді. Ренжігендей болып, мая шөптің үстіне жатпақшы болған ол артқа қарай құлап кетіп, шыға алмай қалыпты.  

«Жедел-іздестіру шаралары кезінде полиция қызметкерлері баланы алып шығып, дәрігерлерге тапсырған. Медициналық тексеріс нәтижесінде, дене жарақаттары жоқ екені және оның денсаулығына еш зақым келмегені анықталды.  Біз өз тарапымыздан іздеуге атсалысқан адамдарға алғыс білдіреміз. Және де осы жастағы жасөспірімдердің өзіне айтылған сын-ескертпені жақын қабылдайтынын ескеріп, балаларға мұқият болуыңызды сұраймыз», – деді Павлодар облыстық ПД ресми өкілі Жанна Белялова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир