Оқиға КЖБИ шағынауданындағы демалыс базасында болған
Қостанайда «Махито» демалыс базасында 28 жастағы ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиға кеше кешке КЖБИ шағынауданындағы демалыс базасында болған. Ер адам суға шомылып жатып суға батып кеткен.
«Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы «Махито» демалыс базасында өзенге батып кеткен 1981 жылы туған ер адамның денесін алып шықты», - делінген ТЖД хабарламасында.
Құтқарушылар қостанайлықтардан шомылу кезінде барынша сақ болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.