Павлодарда 38 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ер адамды өлтіруде күдікті деп танылған 50 жастағы әйел қалалық уақытша ұстау абақтысына қамалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«28 наурыз күні Павлодар қаласының Лермонтов көшесіндегі үйдің ауласындағы қоқыс контейнерінің қасынан ішіне пышақ жарақаты салынған 38 жастағы ер адамның денесі табылды. Ауыр қылмысты жасады деген күдікке ілінген 50 жастағы әйел ұсталды», – деп мәлімдеді Павлодар облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов. 

Аймақтық ПД баспасөз қызметі аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлімімен сот алдындағы тергеу амалдары басталып кеткенін қосып өтті. Қылмыс жасады деген күдікке ілінген әйел Павлодар қаласының уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. 

«Аталған қылмыстың мән-жайы соталды тергеу кезінде анықталады»,– деп қосып өтті ведомстводан.

Новости партнеров