Шымкентте көңілді отырыстың соңы оңалту орталығына күштеп жеткізумен аяқталды
стопкадр из видео
Араққа сылқия тойған нәзік жандылар қарсылық танытып, полицейлерге қыр көрсеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Көңілді отырыстың соңы оңалту орталығына күштеп жеткізумен аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Шымкентте ащы су ішкен бір топ бойжеткен көп қабатты үйдің тұрғындарына ұйқы бермей, шулаған. Қыздардың ерсі қылығына шыдамаған тұрғындар таңғы 04.00 шамасында тәртіп сақшыларын шақырыпты. Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында жарияланған ақпарға сай, айтылған мекенжайға келген полицейлер үш аруға ескерту жасаған. Алайда араққа сылқия тойған нәзік жандылар қарсылық танытып, полицейлерге қыр көрсетіпті.
Бой бермеген соң, полицейлер үш қызды да күштеп көлікке отырғызып, медициналық сараптамаға жеткізеді. Мас болғаны расталған соң, олар уақытша оңалту орталығына жөнелтілді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41