|
22.07.2019 | 13:49
3145

Қазақстанда демалыс күндері 15 адам суға батып кетті

Қаза болғандардың екеуі бала

Қазақстанда демалыс күндері 15 адам суға батып кетті Фото bnews.kz

Қазақстанда 20-21 шілдеде суға шомылатын орындарда 15 адам қаза болды, деп хабарлайды ҚР ІММ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.

12 адам суға түсуге жабдықталмаған жерде шомылған, екеуіі балық аулау кезінде (киімде, жеке құтқару құралдарынсыз болған), тағы біреуі гидроциклде сырғанау кезінде қаза тапты.

«Осы демалыс күндері 20-21 шілде аралығында ТЖД бөлімшелері 452 алдын алу тобын құрды. Олар 563 рейд жүргізді, 18 711 жаднама таратты. Бұл ретте 15 адам құтқарылды, оның ішінде 1 бала бар. Демалыс кезінде балалардың су қоймаларына, суару арықтарына және каналдарға жақын болуына ата-аналардың жауапкершілік танытуына ерекше назар аударғымыз керек», – дейді ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

- Демалыс орындарында су айдынында болған кезде:

- алкогольдік және есірткілік мас күйінде суға кіруге және шомылуға,  суға қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан секіруге;

- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге;

- жүзудің шекарасын белгілейтін буйкадан әрі жүзуге;

- жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;

- кемелерге жақындауға;

- су қоймаларын ластауға және оларға қоқыс лақтыруға;

- жағада және киім шешетін орындарда демалушыларға жарақат келтіруі мүмкін қоқыстарды қалдыруға;

- жалған дабыл айқайларын беруге;

- техникалық және ескерту белгілеріне, буйкаларға көтерілуге;

- балаларға ересек адамдарсыз суға кіруге;

- шомылып жатқан балаларды қараусыз қалдыруға жол бермеуге ескерту жариялады.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир