Алматыдағы кафе мен барларда өрескел заң бұзушылықтар анықталды

16.08.2020 18:50

16 хаттама толтырылды

Almaty.tv

Алматы қаласының Бостандық ауданында келушілерді жабық бөлмеге қабылдаған үш мекеме анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бостандық ауданының әкімдігі және ӨКБТУ қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы үш нысанды Розыбакиева 238 көшесіндегі «Жеңіс» пабын, Айманов 208 көшесіндегі VIVALDI кафесін және Тимирязев 37 көшесіндегі  «Көктем» тұрғын үй кешеніндегі дәмхананы тексерді.  

Клиенттерге қызмет көрсету мекемесінің бес қызметкері, сондай-ақ қонақтар маска тақпағаны анықталды.

Құқық бұзушыларға қатысты (11 қонақ және 5 қызметкер) 425-баптың 1 тармағы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 16 хаттама толтырылды.