Оралда қолдан жасалған ұшу аппараты құлады
tengrinews.kz
Оқиға болған жерде 69 жастағы ұшқыш көз жұмды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Оралда қолдан жасалған ұшақ апатқа ұшырады,деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Апат 28 тамызда 8:30-да болды. Оқиға болған жерге БҚО төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері барған.
«Қолдан жасалған ұшу аппараты "Казинское" бау-бақша серіктестігінің маңына құлады. Оқиға болған жерде 69 жастағы ұшқыш көз жұмды», – деп хабарлады БҚО ТЖД өкілдері.
Құтқару жұмыстарына 4 бірлік техника мен 18 құтқарушы жұмылды.
«Бір орындық ұшақтың құлауынан ұшқыш жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Басқа зардап шеккендер жоқ», – деп атап өтті БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
31.10.2026 09:50
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
30.10.2026 20:31