Оралда қолдан жасалған ұшу аппараты құлады

28.08.2020 18:50

Оқиға болған жерде 69 жастағы ұшқыш көз жұмды

tengrinews.kz

Оралда қолдан жасалған ұшақ апатқа ұшырады,деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Апат 28 тамызда 8:30-да болды. Оқиға болған жерге БҚО төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері барған.

«Қолдан жасалған ұшу аппараты "Казинское" бау-бақша серіктестігінің маңына құлады. Оқиға болған жерде 69 жастағы ұшқыш көз жұмды», – деп хабарлады БҚО ТЖД өкілдері.

Құтқару жұмыстарына 4 бірлік техника мен 18 құтқарушы жұмылды.

«Бір орындық ұшақтың құлауынан ұшқыш жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Басқа зардап шеккендер жоқ», – деп атап өтті БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілі.