Тараз қаласы Қойгелді көшесіндегі жеке үйдің аумағында орналасқан моншаның шатырынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Өрт тұрғын үйдің шатырына тез тарады, содан кейін жанындағы «Санабар» кафесі шатырына және бір-біріне жақын бекітілген «S-marquet» дүкенінің шатырына жайылған.
Оқиға туралы хабарлама Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші қызметіне сағат 19:19-да түсті. Өрт болған жерге алғашқы топ бес минутта жетті. Өртті сөндіруге 70 өрт сөндіруші мен 8 мамандандырылған техника, оның ішінде 6 өрт сөндіру цистернасы жұмылдырылды.
Оқиға орнында полиция, Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері, жедел жәрдем, қалалық су шаруашылығы мекемесі және электр жүесі қызметі жұмыс істеді. Қаза болғандар және зардап шеккендер жоқ. Жалпы ауданы 500 шаршы метрді шарпыған өрт бір сағаттың ішінде сөндірілді.
Өрттің себебі мұржаның дұрыс орналаспағанынан болуы мүмкін екенін айтылды.