БҚО-да 200-ден аса адам туыстарының үйін паналауға мәжбүр

15.03.2023 18:53

Апат орындарында төтеншеліктер жұмыс істеп жатыр

Almaty.tv

БҚО-да су тасқынынан кейінгі жағдай әлі күрделі. Қазір ондағы 200-ден аса адам туыстарының үйін паналауға мәжбүр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Апат орындарында төтеншеліктер жұмыс істеп жатыр. Қызыл су шайған 6 үй ауласы тазартылып, Сырым және Теректі ауданынан эвакуацияланған 30-ға жуық тұрғын үйіне оралды. Ал өткен тәулікте қапқа салынған 4 мыңға жуық инертті материал қауіпті жерлерге төселіп, 30 мыңнан астам текше метр су сорылды. Ондағы 12 учаскеге су бұру үшін траншея қазылған. 

Атырау, Маңғыстау облысынан қосымша тартылған төтеншеліктер жұмылдырылып отыр. Жергілікті атқарушы органдар мен Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктерінің жеке құрамынан 1000-ға жуық адам бар. Сондай-ақ инженерелік техника, мотопомпалар, жүзу құралдары мен тікұшақты қоса алғанда 400-ден астам бірлік техника жұмыс істеп жатыр.