11 макаров пистолеті және 1300-ден аса оқ тәркіледі
Рұқсатсыз қару тасымалдағандар ұсталды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті арнайы опирация жүргізу барысында осы қылмыстың алдын алды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Күдіктілер Ақмола облысынан Ресейге атыс қаруы және оқ-дәрілерді жеткізумен айналасып жүрген. Арнайы жасақ контрабанданы ұйымдастырушылардан 11 макаров пистолетін және 1300-ден аса оқ тәркіледі.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кінәлілердің ісі дәлелденсе, олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.