Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов айтты
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су басқан елді мекендердегі су тартылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Жақсы жаңалығымды бөлісуге асығып отырмын. Мақтаарал ауданында су басқан елдімекендердегі су тартылды. Әкімдіктің, ТЖК, әскери қызметкерлердің және Өзбекстанның ТЖМ өкілдерінің көмегімен қысқа мерзімде суды арнасына жіберу мүмкін болды», – деп жазды Қалқаманов.
Еске салайық, Өзбекстанда 1 мамырда болған жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылған еді. Кейін Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.