МиГ-29 ұшағы Каспий теңізіне құлады

25.07.2019 21:11

Қазіргі уақытта ұшқышты іздестіру және құтқару бойынша жедел шаралар қабылдануда

© Sputnik / Владимир Астапкович

Әзербайжан әскери әуе күштерінің ұшағы оқу-жаттығу кезінде кенеттен радардан жоғалып кеткен. Бұл туралы Әзербайжанның Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды Baq.kz.

«Алдын ала болжам бойынша ұшақ апатқа ұшырап, Каспий теңізіне құлаған», - делінген ведомство таратхан хабарламада.

Оқиға кешкі сағат 22:00-де болғаны анықталды. Қазіргі уақытта ұшқышты іздестіру және құтқару бойынша жедел шаралар қабылдануда.