ШҚО-да өзін өлтірмек болған жігітті полиция құтқарып қалды (видео)

20.06.2019 18:54

Өскеменде 28 жастағы жігіт көпірден секірмек болды. Оқиға кеше сағат 18.00 шамасында орын алған. Жас жігіт Ертіс көпірінен секірмек болған. Оқиғаға куә болған адамдар оны райынан қайтаруға тырықан, деп хабарлайды Алтайньюс.

Көпірдің жақтауына шығып алған жігітті жиналған жұрт әңгімеге тартып тұрғанда, полиция лейтенанты Дәурен Саяқов жүгіріп жетеді. Тәртіп сақшысы өмірмен қош айтыспақ болған жігітті ұстап қалып, көпірдің жақтауынан алып шығады.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 28 жастағы қала тұрғыны сол сәтте мас күйде болған екен.