Оқиға кеше түнгі 22:00-де орын алды
«Алматы-Өскемен» тас жолында жантүршігерлік көлік апаты болып, екі адам тіл тартпай кетті. Жарақат алған тағы бір жолаушы Өтеген батыр ауылының ауруханасына жеткізілген. Оқиға кеше түнгі 22:00-де орын алды, деп хабарлайды Almaty.tv
Солтүстік бағытқа бет алған «Тойота» көлігінің сол жақ дөңгелегі тесіліп, машина жол ортасын бөліп тұрған қоршауға соғылған. Содан кейін 90 градусқа аударылып кетіпті. Осы кезде бір жолақта келе жатқан «Хюндай» автокөлігі машинаға келіп соқтыққан. Дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптама тағайындалды.