Қазнетке хакерлер шабуыл жасап жатыр

28.09.2022 18:55

Ақпараттық қауіпсіздікке байланысты мәселе туындайтын болса1400 нөміріне хабарласу қажет

stan.kz

Қазақстандық интернетке бірнеше күн бойы шабуыл жасалып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мемлекеттік техникалық қызметтің таратқан ақпарына сай, кибер шабуылдардың кесірінен ел ішінде ғаламторға кіру қиындаған. Оның себебін жауаптылар геосаяси жағдаймен түсіндіреді. Енді ақпараттық қауіпсіздікке байланысты мәселе туындайтын болса, мемлекеттік техникалық қызмет өкілдері 1400 нөміріне хабарласуға кеңес береді. Сондай-ақ Telegram чатына өтініш қалдыруға болады.