Іске қатысты 2002 жылы туған жасөспірім ұсталды
29 қаңтар күні ауруханаға пышақ жарақатын алған тағы бір жасөспірім жеткізілді, деп хабарлайды stan.kz.
Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 қаңтарда болған жасөспірімдер төбелесіне қатысты тергеу жүріп жатыр.
«Іске қатысты 2002 жылы туған жасөспірім ұсталды. Ол колледже оқиды. Жанжал кезінде жасөспірімге пышақ сұғып алған. «Адам денсаулығына қасақана зиян келтіру» бабы бойынша тергеу басталды.
Бұл өңірде болған алғашқы оқиға емес. 26 қаңтарда мектеп оқушыларының төбелесі кезінде бір бала жарақаттанып, ауруханада көз жұмған еді.