Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік жол апатынан 8 адам опат болды. Қанды оқиға «Самара-Шымкент» тасжолының Маржанбұлақ ауылы маңында тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ауыр жүк көлігі мен минивэннің соғылуынан жеңіл машинаның жүргізушісі мен бірге отырған 7 жолаушысы сол жерде тіл тартпай кетіпті. Дерекке сүйенсек, олардың барлығы - Өзбекстан азаматы. Апат салдарынан темір тұлпардың қаңқасы ғана қалды.
– Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің дөңгелегі жарылып, салдарынан жүргізуші рөлді ұстай алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды, – деді жергілікті полиция қызметінің бастығы Айдос Құлжанов.
Оқи отырыңыз: СҚО-ға көмекке келген Түркістан облысының құтқарушысы қайтыс болды