Шымкенттегі арнайы операция кезінде алты адам ұсталды

05.04.2019 18:56

Ұсталған қылмыстық топтың мүшелері бірқатар зорлық-зомбылық, оның ішінде атыс қаруын қолданумен қылмыстар жасады деп күдіктелуде

Шымкентте Ұлттық Қауіпсіздік комитеті арнайы операция жүргізіп, 6 адамды ұстады. Белгілі болғандай, ұйымдасқан қылмыстық топ жергілікті кәсіпкерлерді қорқытып, ірі сомадағы қаражат талап етумен айналысқан деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Олар бүгін кезекті бизнесменге күш қолданып, 10 мың АҚШ долларын алып жатқан сәтінде қолға түсті. Тексеру барысында көліктен бес атыс қаруы және оқ-дәрілер табылды. Қазіргі таңда аталған жәйт жіті тексерілуде.

Ұйымдасқан топ мүшелерінің бірқатары басқа да қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілініп отыр. Атап айтқанда, зорлық-зомбылық, атыс қаруын қолдануымен байланысты заң бұзушылықтар екен. Ведомоство мәліметінше, ұйымдасқан топтың негізін бұрын ауыр қылмыстар жасағаны үшін бірнеше мәрте сотталған деструктивті діни ағымды ұстанушылар құраған.

Теги: ОПГ КНБ РК