Маңғыстауда 2 жігітті белгісіз біреулер атып кетті

15.01.2019 18:57

Кеше Мұнайлы ауданында сағат 20.00 шамасында белгісіз біреулер 1990 және 1993 жылы туған екі азаматты атып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зардап шеккендерді ауруханаға әкелгені бейнебақылау таспасына түсіп қалған. Қазір видео әлеуметтік желіге тарап кеткен. Оқиға Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданы арасындағы қиылыста орналасқан дүкен маңайында болған. Оларды ауруханаға куәгерлер алып келген.

Шұғыл ауруханаға жеткізгенімен, жігіттерді аман алып қалу мүмкін болмады. Әзірге оқиғаның қалай болғаны белгісіз. Бұл іске қатысы бар азаматтар іздестіріліп жатыр.

МО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша іс қозғалған. Әзірге аталмыш қылмыс бойынша екі күдікті ұсталған. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.