Мүслім Оңдағанов 2014 жылы 200 млн бюджет қаржысын жымқырғаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылған болатын
Бостандыққа шыққан Мүсілім Оңдағанов қайта қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысының үйінде ұсталған сәтінің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Белгілі болғандай, осыдан бір апта бұрын шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған экс-басшы қайта қамалды. Айта кетейік, Мүслім Оңдағанов 2014 жылы 200 млн бюджет қаржысын жымқырғаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Кейінірек жаза мерзімі 9 жарым жылға қысқарған. Бір апта бұрын 6 жыл мерзімін өтеп, ол шартты түрде босатылған еді. Дегенмен прокурорлар Мүслім Оңдағановтың шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуын заңсыз деп танып, жоққа шығарды. Қостанай облыстық сотының алқасы сотталушы мемлекетке келтірілген 60 млн теңгеге жуық залалды толық өтемеді деп оны қайта қамау туралы шешім шығарған.