Қазақстанда 4-6 шілде аралығына 15 адам суға батып кетті. Оның ішінде 7 бала бар. Бұл жайында төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
«Өткен демалыс және мереке күндері шомылуға болмайтын орындарда суға түскен 15 адам, соның ішінде 7 бала суға батып кетті. Балалардың барлығы ересек адамдардың қарауынсыз қалған», – делінген ресми ақпаратта.
Жеті балаға қатысты қайғылы жағдай Ақтөбе, Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда облыстарында болды.
Бұдан бөлек 4 шілдеде Павлодар облысы Шарбақты ауданының Есілбай ауылында ересек адамдардың қарауынсыз қалған 2018 жылы туған ер бала құдыққа құлап кетті. Жеке тұрғын үйге қарама-қарсы тұрған құдықтың тереңдігі үш метр, оның бір жарым метрінде су толы болған. Бала тұншығып қалды.
Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдай комитеті азаматтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.