Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қайтыс болды

17.11.2022 в 19:00

Қарсы жолға шығып кетіп, ГАЗельмен соқтығысты

ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Жол апаты 16 қарашада Байқадам кентінің жанындағы Шалқар – Базой автожолында болды.

ВАЗ-21115 автокөлігінің 44 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Қарсы жолға шығып кетіп, «ГАЗельмен» соқтығысты.

ВАЗ көлігінің жүргізушісі мен 44 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза болды. «ГАЗель» жүргізушісі мен екі жолаушы Шалқар қаласының орталық ауруханасына жатқызылды», деді Шалқар аудандық Полиция бөлімінің бастығы Ринат Сатаев.