Павлодарда бір апта бұрын жоғалған жасөспірім аман-есен табылды

06.06.2021 19:00

Жасөспірімді полиция мен еріктілер іздеді

Павлодарда бір апта бұрын жоғалған жоғалған 17 жастағы қыз табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Павлодар қаласының «VITA» іздеушілері» қоғамдық бірлестігі осылай мәлім етті. Бір апта бұрын жоғалған Диана Шапиева табылды.

«Аман-есен табылды!»  деп хабарлады еріктілер. 

Даяна Шапиева 27 мамырда үйінен белгісіз бағытқа шығып, жоғалып кеткен болатын. Жасөспірімді полиция мен еріктілер іздеді.