Орал-Ақсай тас жолында 28 жастағы полиция қызметкері жол апатынан мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
БҚО полиция департаментінің ақпаратынша, қайғылы оқиға 9 мамыр кешкі сегіздер шамасында болды.
Орал-Ақсай тас жолының 25 шақырымында ВАЗ-2110 маркалы автокөлік аударылған.
«Облыстық патрульдік полиция батальонының 28 жастағы қызметкері рөлге ие бола алмай, аударылды. Салдарынан полицей ауруханада көз жұмды. Оның қасында екі жолаушы отырған, олар аман», – деді департаменттің баспасөз қызметіндегілер.
Полицей жол апаты кезінде сау болған.
Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы«Автокөлік басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды.
Бұған дейін Орал-Тасқала тас жолында осыған ұқсас трагедия болған еді. Қаланың полиция басқармасының қызметкері рөлге ие бола алмай, жол апатына түсті. Салдарынан оқиға орнында қаза болды.