Кадрлардан егде ер адамның ішіндегі қанды жараны қолымен ұстап тұрғаны көрінеді
Алматы облысында жүргізуші егде ер адамды пышақтап тастады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы облысының полицейлері оқиға 1 маусымда сағат 12:00 шамасында болғанын хабарлады.
"Жамбыл аудандық полиция басқармасына 1967 жылы туған ер адам пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама түсті", - делінген хабарламада.
Полицейлер мәліметінше, бұл дерек Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша тіркелген.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Кадрлардан егде ер адамның ішіндегі қанды жараны қолымен ұстап тұрғаны көрінеді. Видео авторы оны Lada жүргізушісі қағып кеткенін айтты. Оның айтуынша, жәбірленуші жолды кесіп өтпек болған және бұл жанжалға себеп болған.
"Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті 61 жастағы тұрғын ұсталды. Жанжалға Ұзынағаш ауылындағы көшелердің бірінде жәбірленуші мен күдікті арасындағы ауызша кикілжің себеп болғаны анықталды", - деп толықтырды ведомсвто өкілдері.
Қазіргі уақытта қылмыстың мән-жайын жан-жақты, толық және объектив зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәлімет жарияланбайды.