Алматыда өрт кезінде көз жұмған келіншектің отбасына көмек көрсетіледі

02.08.2023 19:03

Жерлеу рәсімі Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаражота ауылында өтеді

kaz.nur.kz

Алматыда өрт кезінде көз жұмған келіншектің отбасына қажетті көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақкент тұрғын үй кешенінде өрт кезінде Алматы тұрғыны Әсел Бекмұхамбетова көз жұмды. Алатау ауданының әкімдігі оның отбасына қажетті моральдық және материалдық көмек көрсетеді.  

Алатау ауданы әкімдігінің мәліметінше, жерлеу рәсімі Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаражота ауылында өтеді. Аудан әкімдігі жерлеу рәсімін ұйымдастыруға, оның денесін тасымалдауға жәрдем көрсететін болады.

Ақкент шағынауданында 16 қабатты үйден өрт шыққанын еске саламыз