Талдықорғанда жол апатынан 4 адам ауруханаға түсті

25.02.2023 20:16

Жетісу облысында жол талғамайтын көлік пен жүк көлігі соқтығысып қалды

дереккөз

Жетісу облысында жол талғамайтын көлік пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апаты 24 ақпанда Талдықорғаннан шыға берісте Алматы-Өскемен тасжолының 273 шақырымында болған. 69 жастағы УАЗ Patriot жүргізушісі "Жол беріңіз" белгісін елемей, JAC жүк көлігімен соқтығысқан.