Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап, пайдаланушылардың наразылығына ұшырап отыр
Жамбыл облысында 11 жасар бала аттракционнан құлап кетті. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап, пайдаланушылардың наразылығына ұшырап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv
Онда аталған аттракционда қауіпсіздік техникасының сақталмағанын көруге болады. Ал, Жамбыл облыстық полиция департаментінің өкілдері әлеуметтік желіге жасалған мониторинг барысында ғана оқиғадан хабардар болғандарын айтты.
Олардың сөзінше, зардап шеккен баланың ата-анасы ешқайда арыз түсірмепті. Десе де, департамент мамандары аталған іске қатысты процесстік шешім шығатынын хабарлады.