Түркістанда заңсыз балық аулағандар құрықталды

19.07.2022 в 19:20

Қазір аталған іске қатысты тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Түркістанда заңсыз балық аулағандар құрықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті рейдтік шара барасында браконьерлерден 3 дана гарпун құралы мен 100 келіге тарта ақбалық тәркілеген. Оқиға Арнасай шығанағы аумағында болып отыр. Қазір аталған іске қатысты тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

«Түркістан облыстық ПД табиғатты қорғау тобының инспекторларымен бірлескен рейдтік шара барысында Шардара су қоймасынан гарпунмен балық аулап жүрген 2 азаматты ұстады. Қазір ол азаматтардың үстінен ҚҚ 335-бабымен терсеру жүргізуде», – деді облыстық ПД ЖПҚ табиғатты  қорғау тобының аға инспекторы Талғат Жаппаров.