Қорғаныс министрлігінің офицері ұсталды

29.05.2021 в 20:32

Тергеу мүдделеріне қатысты қалған ақпарат жария етуге жатпайды

ҚР Қарулы Күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қаруландыру бөлімінің бастығы полковник Асылбек Сатвалдинов ұсталды. Қорғаныс министрлігі «ҚазАқпарат» агенттігіне бұл мәліметті растады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«2021 жылдың 28 мамырында құқық қорғау органдары Қазақстан Қарулы Күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қаруландыру бөлімінің бастығы полковник Асылбек Сатвалдиновты ұстады. Тергеу мүдделеріне қатысты қалған ақпарат жария етуге жатпайды», – деп жазылған Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растаған мәліметте.